Қызылордада 2 мыңнан астам жобаға жеңілдетілген несие беріледі – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада 2 мыңнан астам жобаға жеңілдетілген несие беріледі

21.10.2021, 18:00

213 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында қазіргі таңда сауда саласында жалпы құны 718 млн. теңгені құрайтын 13 инвестициялық жоба іске асырылып, 214 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникация қызметінде Қызылорда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Фердоуси Қожабергенов айтты.

Басқарма басшысының айтуынша, бүгінде электрондық сауда саласында да өсім байқалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша облыстың электрондық сауда көлемі 1,5 млрд. теңгені құрап, 2019 жылмен салыстырғанда 4 есеге өсіп, 366 млн. теңгені құрады.

Сонымен қатар келер жылға жалпы шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінің 2000-нан аса жобасына жеңілдетілген несие, 1500-ден аса жобасына мемлекеттік гранттар беру жоспарлануда.

0

Пікір қалдыру