Kyzylorda-news.kz. Облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың сәуірайының 21-23 күндері аралығында «Жаяу жүргінші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Шараның 2 күнінде 537 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жаяу жүргіншіге жол бермеген -36 жүргізуші, көлік құралын мас күйде басқарған -4, құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқарған -29, жаяу жүргіншінің жол жүрісі қағидасын бұзған – 95 жаяу жүргінші әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сонымен қатар 32 азамат қоғамдық орында алкогольдік ішімдік iшіп, масаң күйде жүрген.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Тағы да оқыңыз: