Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 10 және 13 жастағы екі бала Сырдария өзеніне суға батып кетті.
Қайғылы оқиға кеше кешкі сағат 19:00 шамасында Сырдария ауданындағы Қараөзек стансасындағы дария бойында орын алған.
Облыс орталығында тұратын 2 бала белгіленбеген аумақта суға шомылған.
“Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары іздестіру шарасын бастап кетті. Әзірге олардың мәйіті табылған жоқ”, – делінген хабарламада.