Kyzylorda-news.kz. Өткен жылдың қыркүйек айында Шиелі ауданының тұрғыны полицияға арызданып, 2 әйелдің «Қызылорда қаласынан 1 бөлмелі пәтер алып беремін» деген желеумен жалпы 2 270 000 теңге көлемінде ақшасын алдап алғанын көрсеткен.

Аталған дерек бойынша  Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен /алаяқтық дерегі/ сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.  

Тергеу барысында күдікті қатарында танылған Қызылорда қаласының тұрғындары 54 және 44 жастағы 2 азаматша алдын ала сөз байласуы арқылы жасаған қылмыстық әрекеттерін толығымен мойындаған. Бұдан бөлек, тергеу барысында олардың бұл қылмыстан бөлек тағы алаяқтық қылмыс жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.

Тергеу барысында күдікті азаматшалардың алаяқтық іс-әрекеттері толығымен өз дәлелін тауып, аталған іс айыптау актісімен сотқа жолданды. Сот процесінде олар өз кінәсін толығымен мойындады.   

Қызылорда қалалық сотының үкімімен сотталушы азаматшалар кінәлі деп танылып, бірі 4 жылға, ал екінші әйел 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Тағы да оқыңыз: