Kyzylorda-news.kz 21 наурызда сағат 20:00-де Қызылордада 17 жастағы қыз белгісіз бағытта үйден шығып кеткен. Полицейлер оны іздеп жатқанын хабарлады.

Барлық әлеуметтік желілерде Айдана Тұраланың сипаттамасы мен суреттері жарияланып жатыр.

«Айдананы іздестіру жұмыстарына Қызылорда қалалық полиция департаментінің жеке құрамы мен облыстық полиция департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды, еріктілер де қосылды. Іздестіру шаралары жалғасып жатыр. Қыздың таныстары мен достарынан сұрастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оны тапқан бойда халыққа дереу хабарлаймыз», – деп хабарлады Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі..

Қыздың бойы 160-165 сантиметр, орта денелі, шашы қара, қысқа. Кәмелетке толмаған қыз туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер 8 (7242) 29-75-20 телефоны немесе 102 арнасы арқылы полцияға хабарлауды сұраймыз.

Тағы да оқыңыз: