Kyzylorda-news.kz. Аймақта «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымының бақылау кеңесінің отырысы өтті.

Кеңеске Қызылорда облысы аумақтық кәсіподақтар орталығының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты, «NurOtan» партиясының фракция мүшесі Мақсұт Нәлібаев төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша 311 млн. теңгенің 12 жобасы қолдау тапты. Негізінен қолдау тапқан жобалар ара балын өндіру, консерві, шұжық, жартылай фабрикаттар, яғни, тұшпара, котлет, тефтел, лағман өнімдері, сұйық сабын және шаруашылық сабындарын жасау, сонымен бірге, қымыз, ет өнімдері, тігін фабрикалары өндірістерін қамтиды.

Отырыс соңында кеңес төрағасы М.Ыбырайханұлы жоба жетекшілеріне алдағы іске асатын кәсіптеріне сәттілік тіледі. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын табатын болады.

Айта кетейік, Қызылорда облысының экономикасына жүргізілген талдауда азық-түлік тауарларының 95 пайызы сырттан келетіні белгілі болған еді. Осыған орай, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың бастамасымен өңір тұрғындарын бірінші қажеттіліктегі тауарлармен қамтамасыз ету үшін «Облысты 2023 жылға дейін экономикалық дамыту жоспары» қабылданған болатын.

Жоспар өндіріс саласына бет бұрғысы келіп жүрген кәсіпкерлер үшін жақсы қолдау болып, қой, сиыр, жылқы еттерінен консервілер, жартылай фабрикаттар, шұжық, макарон өнімдері мен асқабақ сусынын жасаужәне шоколад өндірістері жобалары, сондай-ақ, құрылыс материалдары, сабын, антисептик өндірістерін іске қосуға септігін тигізді. Бұл жобалар «Бизнестің жол картасы 2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек» секілді кәсіпкерлік саласындағы бағдарламар аясында жүзеге асты.

Осы жұмыстарды одан әрі жүйелі жалғастыру үшін облыста 2 пайызбен 4 жыл мерзімде өңдеу өнеркәсібі саласын несиелендіруге облыстық бюджеттен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржы ұйымына 400 млн. теңге қаржы бөлінді.

Тағы да оқыңыз: