Kyzylorda-news.kz. Бүгінгі күнге дейін облыста 11305 адам өзінің биометриялық мәліметін тіркеді. Яғни, биометриялық дерегі болса жеке куәліксіз, электронды қолтаңбасыз, СМС хабарламасыз банктік және мемлекеттік қызмет түрлерін пайдалана алады.

«Халыққа электрондық сервистерді қолдануды ыңғайлы ету үшін Президент мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуда және жеке бизнесте биометрияны кеңінен қолдануды тапсырды. Соңғы жылдары бүкіл әлемде биометрия мен көп факторлы аутентификацияның пайдасына логин мен парольден бас тарту үрдісі байқалады. Мұндай сервисті алудың ыңғайлылығын біздің облысымыздың тұрғындары да сезінді. Бүгінгі күні республика бойынша биометриялық параметрлер арқылы мемлекеттік қызметтерді алу үш қалада жүзеге асырылуда – Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда», – деді облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Юлия Тремасова.

Сондай-ақ, ауылдық жерлерді интернетпен қамту бағытында жұмыс істелуде. Облыста 230 ауылдық елді мекен бар. Оның 160-ы интернетпен қамтамасыз етілген. Яғни, 69 пайызды құрайды. 250-ден астам халық бар 70 ауылдың 23-іне жыл соңына дейін базалық станция салынады. Жергілікті атқарушы органдар тарапынан құрылыс үшін жер учаскелері бөлініп, электрмен жабдықтау мәселелері шешілуде.

Тағы да оқыңыз: