Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында 11 жасар бала суға батып кетті.
Оқыс оқиға Сырдария өзенінің сол жағалауы аймағында орын алған. 2009 жылы дүниеге келген ер бала дарияға батып кеткен.
Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі мамандарының хабарлауынша, қазіргі таңда іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.