Kyzylorda-news.kz. Қызылордада тұрғыннан 1 млн. теңге ақша алған алаяқ әйел сотталды.

Маусым айында Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 3 қала тұрғыны ақшасын қайтаруға арыз түсірген болатын. Белгілі болғандай, осы жылдың ақпан айында күдікті азаматша Қызылорда облысының жедел жәрдем орталығына жүргізуші қызметіне жұмысқа орналастырып беремін деп, 1 млн. теңге көлемінде ақшаларын алдап алған.

Көп ұзамай жәбірленушілер ешқандай нәтиже көрмей, ақшасын қайтаруды талап етеді. Бірақ,  ақшасын алдау жолымен иемденген алаяқ қаражатты қайтаруға асықпаған.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны  ұсталды. Күдікті толығымен өз кінәсін мойындады.

Оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190-бабының 3-бөлігінің 4-тармағымен сараланып, қылмыстық іс ҚР ҚПК-нің 300-бабының сәйкес айыптау актісімен сотқа жолданды.

Қызылорда қаласының №2 сотының 28.07.2021 жылғы үкімі негізінде айыпталушыға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар, сот жәбірленушілерге келтірілген шығынды заңмен белгіленген тәртіппен өтеуді міндеттеді.

Тағы да оқыңыз: