Kyzylorda-news.kz Қызылордалық полицейлер «Құқық  тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасының 1 күнінде 10 қылмыс ашты.  Облыс  орталығында бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылды. Профилактикалық есепте тұрған 372 тұлға тексерілді.

Облыс бойынша барлығы 259 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 15 ұсақ бұзақылық анықталып, 12 тұрғын түнгі тыныштықты бұзған.

«Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, жылдамдықты асырған 60 жүргізуші,  көлікті мас күйде басқарған 4 жүргізуші, 21 жаяу жүргінші жол қозғалыс ережесін бұзған, барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: