**[Kyzylorda-news.kz](https://kyzylorda-news.kz/)** **Қызылордалық полицейлер «Құқық  тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасының 1 күнінде 10 қылмыс ашты.  Облыс  орталығында бұрын жасалған 3 қылмыстың беті ашылды. Профилактикалық есепте тұрған 372 тұлға тексерілді.** Облыс бойынша барлығы 259 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 15 ұсақ бұзақылық анықталып, 12 тұрғын түнгі тыныштықты бұзған. > «Жол қауіпсіздігіне келер болсақ, жылдамдықты асырған 60 жүргізуші,  көлікті мас күйде басқарған 4 жүргізуші, 21 жаяу жүргінші жол қозғалыс ережесін бұзған, барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылды», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.