Kyzylorda-news.kz. “Nur Otan” партиясы Қызылорда облыстық филиалының партиялық бақылау комиссиясы праймериз жеңімпазы Ғалым Әміреевтің бастамасы бойынша Қызылорда қаласы, Қызылжарма ауылдық округі тұрғындарының қар үстіне асфальт төсеу шағымдары бойынша тексеру жүргізді.

Тексеру барысында жергілікті жерге барып, ауылдық округ әкімдігімен міндеттеменің уақытылы орындалмағаны үшін мердігерге заңнамада белгіленген мерзімде сотқа талап арыз берілгені анықталды.

Сондай-ақ, ауа-райының жағдайын ескере отырып, ағымдағы жылдың 30 қарашасына дейін сапалы жол төселуін бақылауға алды.

Тағы да оқыңыз: