Kyzylorda-news.kz. Қызылордада құтқарушылар дарияға суға түсіп, жағаға жете алмай қалған адамды құтқарды. Бұл туралы Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова хабарлады.
23 тамыз күні сағат 00.55-те қоңырау шалынып, облыс орталығындағы сол жағалауға баратын көпірдің астында 1998 жылғы азаматтың суға түсіп, жағаға жете алмай қалғаны жөнінде айтылған.
Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 5 құтқарушы барған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар Сырдария өзеніндегі көпірден шамамен 300 метр жерден жағалауға шыға алмай қалған адамды анықтады.
«Түнгі суықта тоңып қалған оны құтқарушылар зембілмен тасымалдап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды», – делінген хабарламада.
