Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесінің өндіріс аймағындағы өндіріс цехына жүк тасымалдаушы «Камаз» жүк көлігіндегі цемент салынған қаптарды  тексеру барысында сотталғандардың пайдалануы мен қолданылуына тыйым салынған заттарды анықтады.

Мекеме қызметкерлері Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел-тергеу тобын шақыртады. Тексеру барысында жүк көлігіндегі 196 қап цементтің 7 қабынан  10,20 грамдық шприцке нығыздалып салынған 63 дана “өзіне тән ерекше исі бар шөп тектес” зат табылған. Сондай-ақ 43 дана ұялы телефон, 14дана құлаққап, 33дана зарядтау құрылғысы, 13 дана номер картасы, 12 дана насыбай, 10 дана ойын картасы және 3 литр спирттік ішімдік тәркіленіп алынған.

«Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде», – делінген ҚАЖ департаментінің хабарламасында.

Тағы да оқыңыз: