Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында түнгі сағат 23:00-ден кейін жүрген жасөспірімдердің қатары азаймай отыр.

Облыс орталығында 23:00-ден кейін рейдтік іс-шарасы өз жалғасын тауып келеді. Балалар мен жасөспірімдер беймезгіл уақытта үй-жайдан тыс жүруі және жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қызылорда қаласы әкімдігі мен қалалық ішкі істер департаменті бірлескен рейд жұмыстарын жүргізді.

«Рейд барысында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 442-бабы «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша беймезгіл уақытта жүрген жасөспірімдер арнайы полиция учаскелеріне жеткізіліп, заңды өкілдері шақыртылып, ескерту хаттамалары бойынша өз балаларын алып кетіп отырды», – делінген хабарламада.

Екі күн ішінде барлығы 30 жасөспірімнің ата-аналарына ескерту жасалды. Аталған рейд жұмыстары алдағы уақытта тұрақты әрі жүйелі жүргізілетін болады.

Тағы да оқыңыз: