Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі желіде тараған алаяқтық туралы хабарлады.

«Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті жүргізетін барлық іздеу-құтқару шараларына қаражат мемлекеттен қаралған. ​Сондықтан да төменде көрсетілген алаяқтардың жалған ақпараттарына сенбеулеріңізді, сонымен бірге тексерілмеген ақпараттарға алданбауларыңызды сұраймыз.ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабына сәйкес алаяқтық жасағандығы үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеміз», – делінген хабарламада.

Тағы да оқыңыз: