Kyzylorda-news.kz. Қызылорда шенеуніктерінің қызметтік көліктері жедел жәрдемге берілді. Оның жанар-жағармайын да қала әкімшілігі өз мойнына алған. Осылайша 30-ға жуық қызметтік көлік тәулік бойы тұрғындардың шақыртуларына дәрігерлерді жеткізуде.⠀
Аймақтың ауданындағы шенеуніктер де жақын күндері өз көліктерін денсаулық сақтау мекемелерінің мұқтаждығына беруге дайын екендіктерін айтып отыр. Десе де, аймақта әлі де маман тапшы.⠀
«Облыста реаниматолог және аудандарда инфекционист мамандардың тапшылығы бар. Мәселені шешу үшін егер кеңес керек болатын болса, Нұр-Сұлтан қаласындағы және Алматы қаласындағы әріптестеріміз кеңесін уақытылы беріп отыр. Егер аса қажетті мамандар болып жатса осы аудандарға қаладағы мамандарды жіберу мәселесін шешіп отырмыз», — деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқаков.