Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы ЗК-169/1 тергеу изоляторының шаруашылық бөлімінде 15 сотталған азамат еңбек етуде. Жалпы шаруашылық бөліміндегі жұмыстарға жеңіл түрде   қылмыс жасаған  сотталғандар өз өтінімі бойынша қалдырылады.

Бас бостандығынан айырылған азаматтардың бұл  еңбегі тәрбиелік ықпалмен қатар, жазаны міндеттеушінің бірі болып табылады. Сотталғандарды еңбекке тарту негізінде, қылмыс жасаған кезде келтірілген шығындары мен зардаптарының орнын толтыру міндеттілігі де жатыр. Міне осындай себептермен бірқатар азаматтар мекеме аумағындағы жөндеу жұмыстарына тартылған.

 Д.есімді жігіт бостандықта жүргенде жеке автокөлік жөндеу шеберханасында жұмыс жасапты. Дәнекерлеуші мамандығы бойынша кәсіптік  білімі бар екен. Жасаған қылмысы үшін сот үкімі шыққан соң, тергеу изоляторына қалдырылды. Бүгінгі таңда мекеменің арнайы  ғимаратындағы  дәнекерлік жұмысқа жұмылдырылған.

Ал, орта жастағы  М. есімді азамат  сотталғанға дейін кәуап пісіруші болыпты.  Әртүрлі дәмханада еңбек етіп, ас дайындау ісіне  жақын жүрген. Қазіргі кезде өз өтінімі бойынша  асхана бөлімінде аспазшының көмекшісі болып жұмыс істейді.

«Осы еңбегімнен алған жалақыммен, атқару парағы бойынша сот үкімі бекіткен  шығынымды өтеп болдым. Енді ай сайынғы еңбек ақымды әйелім алып, балаларым мен отбасының қажеттілігіне жаратуда.Екі перзентімді қатты сағынып жүрмін. Табыс тауып, әкелік парызымды өтеп жүргеніме қуаныштымын. Сол үшін мекеме басшылығы мен қызметкерлерге алғыс айтамын»-дейді.  

Шаруашылық бөліміне қалдырылған  Т. ағаш ұстасы болып жұмыс жасайды. Арнайы ғимарат бөліміндегі қираған,бұзылған заттарды қалпына келтіріп, едендерді жаңалап, есік-терезелерді бүтіндеп жүреді.

«Мен дене еңбегімен ғана айланысып қоймаймын. Еңбек ету арқылы өз-өзімді тәрбиелеп келемін. Бұл жұмыс менің кәсіби шеберлігімді арттырып, шыдамдылығымды ұштайды. Әрі жұмыс үстінде ойыма тың идеялар келеді. Бостандыққа шыққан соң, жиһаз жасау шеберханамды ашсам ба деген ойдамын. Осылайша сотталғандарды жұмысқа  жұмылдыра   отырып,  босанғаннан кейін адал еңбегі ғана дұрыс жолға бастайтындығын айтып түсіндіріп отырамыз»,- дейді АКАӘПТБ-інің бастығы, әділет аға лейтенанты А.Тұрманов

Тағы да оқыңыз: