Kyzylorda-news.kz. Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында 3-4 желтоқсан күндері облыс орталығындағы «Евразия» мәдени спорт кешенінде Қызылорда қаласы әкімінің кубогы үшін шағын футболдан жарыс өтті.
Аталған жарысқа 10 команда қатысып, өзара бақтарын сынады.
Жарыс нәтижесі бойынша І орынды Қызылорда облысының полиция департаменті №1 жеңіп алса, ІІ орынды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Қызылорда бойынша департаменті, ІІІ орынды Қызылорда облысының полиция департаменті №2 иеленді.
«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Барлық командалардың дайындықпен келгені көрініп тұр. Жалпы, адамдардың жұмыстан тыс уақытта спортпен шұғылдануы дұрыс деп санаймын және насихаттаймын. Жарысқа қатысқаныма өкінбеймін, өте тартысты ойындар болды. Қызметкерлердің денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында мұндай спорттық сайыстар алдағы уақыттарда да өз жалғасын табады деп сенеміз», – дейді жарысқа қатысушы.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне және номинация иегерлеріне қала әкімінің дипломдары мен алғыс хаттары, медальдары және басты сарапқа салынған кубогы табысталды.


