Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы орталығындағы қоймада көмір қоры жеткілікті.

Жылу маусымында қызылордалықтарды қатты отын қорымен қамтамасыз ету мақсатында маусым айында Қызылорда қаласы әкімдігімен көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер «KHAS COM» және «Қарымсақовпен» келісімшарт жасалынды.

Биыл жылу беру маусымы кезеңінде қала аумағындағы көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкерлер тарапынан барлығы 66 000 тонна көмір әкелу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта «KHAS COM» жеке кәсіпкерлігінде 200 вагон, яғни, 13 800 тонна «Шұбаркөл» көмірінің қоры бар. Кәсіпкер алдағы уақытта да қатты отынды қызылордалықтарға жеткізуді жалғастыра береді. Жалпы айтқанда, облыста көмір тапшылығы орын алмайды.

Кәсіпкердің айтуынша, жылдағыдай облыс орталығына қатты отынды жеткізу жұмыстары үздіксіз жалғаса бермек.

Облыс орталығында көмір отынының тапшылығын болдырмау мақсатында қала әкімдігі тарапынан тұрақты түрде қадағалау жұмыстары жүргізіліп отыр.

Айта кету керек, биыл көмір тасымалдаушы жеке кәсіпкер «KHAS COM» қойма аумағын кеңейту арқылы тұтынушыларға қолайлы жағдай жасауды көздеген. Бұған дейін көмір сақтау қоймасының сыйымдылығы 7 вагон болатын. Қазіргі таңда қойма ауданы 15 вагонға ұлғайтылған.

Тағы да оқыңыз: