Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің қаржылық пирамиданы құрғаны және басшылық еткені анықталып, қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шамшидин Амитов мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 217-бабының 2-бөлігімен қаржылық пирамиданы құру дерегі бойынша қылмыстық іс тергелуде. Қазіргі таңда 70-тен астам тұрғын полицияға шағымданды. Сондай-ақ, бұл мәселеге байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп, материалдық шығын есептеледі»,-деді Шамшидин Егенбердіұлы.

Сонымен қатар, «Гарант 24 Ломбард» ЖШС-гі қылмыстық әрекеттерімен шығын келтірген болса, Қызылорда облысының Полиция департаментіне келулеріңізді немесе 29-50-46, 29-50-25, 29-75-20 телефон нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз. Мекен-жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт ата көшесі №18.

Тағы да оқыңыз: