Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев есеп беру кездесулері аясында «Құқық қорғау қызметтері орталығында» қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға 100-ден аса қала тұрғыны келіп, өздерін толғандырып жүрген өзекті мәселелері мен өтініш-тілектерін жеткізді.

Жеке қабылдауда көтерілген мәселелердің дені тұрғын үй, әлеуметтік көмекке қатысты болды. Сонымен қатар жер және коммуналдық мәселелері бойынша да барлық тұрғындарға түсініктеме беріліп, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар берілді. Атап айтар болсақ, 62 өтініш тұрғын үй мәселесі бойынша, 29 өтініш бойынша жәрдемақы, жұмыс, қаржылай көмек сұралған. Жер мәселесіне қатысты 6 өтініш келіп түссе, көше, жарық мәселесіне қатысты 12 өтініш қабылданды.

Қала әкімі әрбір көтерілген ұсыныс-пікірлер жеке танысып, бірін дер кезінде шешілуіне ықпал жасаса, толық зерделеуді қажет ететін және заңдылығына сәйкес шешілетін мәселелерді жауапты басшыларға тапсырды.

Жалпы, жыл басынан бері бүгінге дейін қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты кент, ауылдық округтерде, Қоғамдық кеңес алдында есеп беру және үш қоғамдық қабылдау, барлығы 14 кездесу өткізді.

Әрбір кездесуде тұрғындарды толғандыратын мәселелер талқыға салынып, оларды шешудің мүмкіндіктері мен тиімді жолдары сараланды.

Тағы да оқыңыз: