Kyzylorda-news.kz. Қызылордада 9 қазан күні қала күніне орай өтетін «Салауатты Qyzylorda» марафоны өтеді.

Қызылордалықтар жүгіруге қатысу арқылы өздерінің күш пен төзімділігін сынау мүмкіндігіне ие болады. Марафонның жүлде қоры І орын үшін – 100 мың теңге, ІІ орын үшін – 75 мың теңге, ІІІ орын үшін – 50 мың теңгені құрайды.

«Салауатты Qyzylorda» марафонына тіркелу 9 қазан күні сағат 07:00-ден 08:30-ға дейін «Сыр-Ана» монументі аумағында жүргізіледі.

Марафон «Сыр-Ана» монументінен «Теміржолшылар» саябағына дейінгі аралықты қамтиды.

Тағы да оқыңыз: