Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы эпидемиялогиялық ахуалдың күрделенуіне байланысты карантин кезінде қоғамдық көліктердің жұмысы күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен және жүргізушілер мен кассирлердің сақтық шараларын қатаң сақталуымен ТӨМЕНДЕГІШЕ ШЕКТЕЛЕДІ:

– сағат 07:00-ден 09:00-ге дейін;

– сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін;

– сағат 18:00-ден 20:00-ге дейін.

Сонымен қатар, қаладағы және қалаға қарасты елді мекендердегі меншік нысанына қарамастан (кәсіпкерлік нысандарының, мемлекеттік маңызы бар нысандарының және жеке тұрғын үйлердің) барлық құрылыс нысандарының жұмысы (12 сәуірден – 22 сәуір аралығы) УАҚЫТША 10 КҮНГЕ ТОҚТАТЫЛАДЫ.

Сондай-ақ, коронавирустық індетпен күресуге қатыстырылған мекемелерді қоспағанда меншік нысанына қарамастан барлық мекемелер қызметкерлері 80% ҚАШЫҚТЫҚТАН ЖҰМЫС ЖАСАУҒА КӨШІРІЛЕДІ.

Тағы да оқыңыз: