Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында карантиндік шектеулер енгізілгені баршаға белігілі. Осыған орай, Қызылорда қаласына барлық көліктердің кіріп-шығуы шектелді. Десек те, Қызылорда қаласы әкімі жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабы Қызылорда қаласында орналасқан блок-бекеттерден кімдер кіріп-шыға алатынын жариялады.

Блок-бекеттерден тұрғындарды кіру/шығу жағдайындағы нұсқаулықтар рұқсат беріледі:

1. Тұрақты мекен жайы бойынша мәлімет нақтыланған жағдайда тиісті бағытқа өтуіне;

2. Қала шекарасы аумағынан тыс бизнес-субъектілернің қауіпсіздігі үшін қажетті барлық жедел қызметтердің өтуіне;

3. Жанар-жағар май мен газдың жетіспеуін болдырмау мақсатында аудандарға арнайы көліктердің қозғалысына;

4. Қала шекарасы аумағынан тыс орындарда саяжай, фазенда, подхоз және т.б. мал және егін шаруашылықтарын ұстап тұру мақсатында тұрғындарды меншік құқығын растайтын құжаты негізінде шекті мөлшерде өтуіне (күніне 1 рет);

5. Жұмыс орындары қала аумағындағы/қаладан тыс жағдайда жұмыс орнының анықтамасына сәйкес кіргізіп/шығарылады;

6. Қаладан тыс кәсіпкерлік субъектілермен қолданыстағы келісімдер негізінде жолдаманы көрсету арқылы (накладная) азық-түлік пен тамақтану міндеттемелері бар кәсіпкерлерге рұқсат беріледі;

7. Облыс орталығындағы денсаулық сақтау мекемелеріне тұрғынның жолдамасына/медициналық анықтамасына өзінің тұрғылықты мекен жайына кіргізіп/шығарылады;

8. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың аудан орталығынан шақырған инватакси қызметтері денсаулық сақтау мекемелеріне өтуіне;

9. Сырттан тасымалданатын бірінші кезектегі тауарларға «жасыл дәлізді» бойынша тауар тасымалын растайтын жолдама құжат (накладная) негізінде тиісті орынның сұранысы бойынша өтуіне.

Ескерту:

1. Барлық жағдайларда азаматтардың жеке басын анықтайтын құжаттың және жеке қорғаныс құралдарының (антисептикалық құрал, бір реттік бетперде мен қолғап) болуы міндетті.

2. Тұрғындардың қала ішіндегі қозғалысы кезінде жеке қорғаныс құралдарының (антисептикалық құрал, бір реттік бет-перде мен қолғап) болуын талап ету

Тағы да оқыңыз: