Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департамент бастығы азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержановтың бұйрығымен Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы лауазымына Түйменов Жасұлан Қалдыбайұлы тағайындалды.

Жасұлан Түйменов 1988 жылы 14 шілдеде Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінде дүниеге келген.

2005-2009 жылдары ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтында білім алған.

2009-.2013 жылдары аралығында Алматы қаласы ТЖД «Өрт Сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ №7 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер лауазымында қызмет атқарған.

2013-2014 жылдары аралығында Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының Өртке қарсы нормалау бөлімінің аға инженері;

2014-2017 жылдары Қызылорда облысы ТЖД Өртке қауіпсіздігі саласындағы Бақылау және профилактика қызметі басқармасының Техникалық нормалау бөлімінің бас маманы;

2017 жылдан бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысы ТЖД Жалағаш ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы және бөлім бастығы қызметтерін абыроймен атқарды.

Тағы да оқыңыз: