Қызылорда қалалық мәслихатына партия атынан ұсынылатын үміткерлердің тізімі бекітілді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда қалалық мәслихатына партия атынан ұсынылатын үміткерлердің тізімі бекітілді

12.11.2020, 15:40

356 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылордада «Nur Otan» қалалық филиалының кезектен тыс ХХVI конференциясы өтті. Конференция жұмысына бастауыш ұйымдарынан ұсынылған 90 делегат қатысты.

Алқалы жиында қалалық мәслихатқа партиялық тізім бекітіліп, облыстық мәслихат пен ҚР Парламенті Мәжілісіне партиялық тізіміге пікірсайсықа қатысушы кандидаттар анықталды. Сондай-ақ, облыстық партия филиалының кезектен тыс өтетін ХХVIІ конференциясына қатысушы делегаттар сайланды.

Сонымен, ең жоғары рейтингісі бар праймеризге қатысушылар қатарынан Қызылорда қалалық мәслихатына 34 кандидаттан тұратын партиялық тізім түзілді. құрамына қоғам қайраткерлері, азаматтық сектор, БАҚ өкілдері кірді.

Сапалық, сандық құрамына келсек тізімдегі әйелдердің үлесі 2,5 есеге артып, 15,7 пайыздан 38,2%-ға дейін, ал 35 жасқа дейінгі жастар 2 есе – 10,5 тен 20,5%-ға дейін өсті.

Үміткерлердің орташа жасы 6 жасқа – 53 жастан 47 жасқа дейін жасарды. Қызметтегі 19 депутаттың 6-ы ғана жаңа партиялық тізімге енді.

Тізімде білім саласы өкілдерінің үлесі басым – 26,5%, ШОБ өкілдері -17,6% және т.б.

Конференция барысында облыстық мәслихат пен мәжіліске партиялық тізімге үміткерлер арасында пікірсайыс өтті. Бірінші раундта қатысушылар өздерінің сайлауалды бағдарламаларының негізгі тезистерін таныстырды, екінші раундта «сұрақ-жауап» түрінде пікірталас сессиясы өтті.

17 үміткердің ішінен партия мүшелері «Праймериз» ақпараттық жүйесі арқылы қалалық квотаға сәйкес 10 кандидатты таңдады.
Сондай-ақ, конференция барысында қалалық партия филиалының Сайлауалды бағдарламалары бекітілді.

Филиал төрағасы, қала әкім Нұрлыбек Нәлібаев атап өткендей, партияның қалалық сайлауалды бағдарламасы праймериз аясында тұрғындардан түскен ұсыныстардың 82 пайызы ескеріліп және қаланы дамытудың негізгі 7 бағыты бойынша әзірленген.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Nur Otan» партиясы өңірлік филиалдардың конференция кестесін жариялаған болатын, оның барысында барлық деңгейдегі мәслихаттарға партиялық тізімдер және әр өңірден Мәжіліске арналған партиялық тізімге кандидаттар анықталатын болады.

Партияішілік іріктеудің бірінші кезеңіне 109 кандидат қатысты. Оның 30.2%-ы – әйелдер, 23.8%-ы – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан кандидаттардың 35.7%-ы ұсынылса, 64,3%-ы – өзін-өзі ұсынушылар.

0

Пікір қалдыру