Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы «Айтбай» мешіті сотталғандарға ауызашар берді.

Мешіттің наиб имамы Нұрлыбек Шаймерденұлы қауіпсіздігі барынша төмен ЗК-169/4 мекемесіне келіп, ораза ұстаған азаматтарға ізгі тілегін білдіріп, Рамазан айының қадір-қасиетін айтып, азаматтарды жақсылыққа үндеді.

«Ораза парызы – барлық нәрседен тиылу, яғни, құлағымызбен жаман сөз естімей, ауызымызбен жаман сөз айтпай, оразада жамандықтан аулақ жүріп, оны ғибратты өткізу керек. Ораза тұтқан азаматтардың оразасы, ниет етіп, дұға қылғандардың тілегі орындалсын», – деді Нұрлыбек Шаймерденұлы.

Қазіргі таңда мекемеде 170-тен астам сотталған жазасын өтеуде, оның 25-і мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында ораза ұстап жатыр.

«Менің ораза ұстап жүргеніме біраз жыл болды. Бастысы ниетің түзу болса болғаны. Ораза адамды сабырлыққа шақыратын ай.Осы оразада Алла тілеген тілектерімізді қабыл етсін. Бүгінгі ауызашар беріп жатқан мешіт қызметкерлеріне алғымыз шексіз», – деді сотталған.

Тағы да оқыңыз: