Қызылорда қайтадан «сары» аймаққа өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда қайтадан «сары» аймаққа өтті

22.10.2021, 9:00

360 0

Kyzylorda-news.kz. ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 22 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Айта кетейік, кеше Алматы облысы «қызыл» аймақта, Қызылорда облысы «жасыл» аймақта болатын.

0

Пікір қалдыру