Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасының «Кәсіпкерлікті қолдаудың қаржылай емес шаралары» төртінші бағыты бойынша қызмет көрсетуге Қазақстан Республикасы азаматтарынан іріктеуге өтініш қабылдау басталғандығын хабарлайды.

Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды бизнесті қолдаудың      мемлекеттік бағдарламалары туралы ақпараттандыру бойынша:

  1. Жаңақорған ауданындағы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығына  Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз ететін менеджер-кеңесші – 1адам;
  2. Байқоңыр қаласындағы Кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығына  Кәсіпкерлік субъектілері мен кәсіпкерлік бастамалары бар тұрғындарды ақпаратпен қамтамасыз ететін менеджер-кеңесші – 1адам;

Менеджер-консультанттарға жалпы қойылатын талаптар:

-ҚР азаматтығы;

– облыс орталықтары үшін жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімінің болуы.

– моноқалалар, шағын қалалар және аудан орталықтары үшін орта арнайы / жоғары білімінің болуы;

– қазақ және орыс тілдерін білуі;

– соттылығының болмауы;

– компьютерлік сауатының болуы;

– соңғы 3 (үш) жұмыс орнынан ұсынымдар;

– мынадай құзыреттердің болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, тұтынушыға бағдарлану және оны ақпараттандыру, әдептілік, өзгерістерді басқару және т.б.;

Қызметтер бөлінісінде қосымша талаптар:

Ақпараттық қаматамсыз ету бойынша:

  • кәсіпкерліктіқолдаужәне/немесеконсультациялыққызметтеркөрсетусаласында 2 (екі) жылдан кем емес не мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру аясында 1 (бір) жылданкем емесжұмыс тәжірибесінің болуы.

Өтініштер 2021 жылдың 26 ақпаны сағат 18.00 дейін қабылданады.

Өтінішке қосымша:

  1. Жеке куәлік көшірмесі;
  2. Ереженің 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жұмыс ізденушінің сауалнамасы;

3) жұмыс өтілін растайтын құжат көшірмесі (еңбек кітапшасы/еңбек келісім-шарты және/немесе ақылы келісім-шарт көрсету туралы келісім-шарт);

4)  жоғары білімі туралы дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде алынған наркологиялық диспансерден анықтама;

6) құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде алынған психоневрологиялық диспансерден анықтама;

7) № 086/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби – консультациялық қорытынды) құжаттар ұсынылған күнге дейін алты айдан аспайтын мерзімде берілген (немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі);

8) құжаттар ұсынылған күнге дейін бір айдан аспайтын мерзімде берілгенсоттылығының болмауы немесе болуы туралы анықтама;

9) соңғы 3 (үш) жұмыс орнынан ұсынымдар.

Іріктеуге қатысуға өтініш үлгісі мен шарттарын Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы кеңсесінен алуға болады: Қызылорда қ., Қорқыт Ата көшесі,123 немесе n-finsupport.kzo@atameken.kz электрондық поштасы арқылы алуға болады.

Байланысатын тұлға: Қызылорда облысының Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Құрмантаева Гүлнұр. Тел. 8/7242/400874.

Ескерте кетейік, барлық менеджер-кеңесшілер шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламалар (Бизнестің жол картасы Мемлекеттік бағдарламасы – 2025, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту Бағдарламасы, «Қарапайым заттар экономикасы», ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы заңы т.б.) бойынша кеңес беруге  білікті болуы тиіс.

Үміткерлердің кандидатурасы Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен келісіледі.

Тағы да оқыңыз: