Қызылорда облысының экономикалық дамуы қарқынды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысының экономикалық дамуы қарқынды

14.12.2021, 16:20

1285 0

Kyzylorda-news.kz. Аймағымызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 691,9 млрд. теңгені құрады. Өңдеу өнеркәсібінің көлемі 157,8 млрд. теңгеге артты. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 159,6 млрд. теңге болды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Ринат Құдайбергенов мәлімдеді.

Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының көлемі 83,9 млрд. теңгені құрады, 567,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 188,1 мың га егілді. Дәнді дақылдар – 96,6 мың га, оның ішінде күріш – 83,6 мың га, майлы дақылдар-6,7 мың га, көкөніс – бақша дақылдары мен картоп – 18,3 мың га, жемшөп дақылдары – 66,4 мың га. Бұл да өңірдің экономикалық дамуына әсерін тигізді.

0

Пікір қалдыру