Kyzylorda-news.kz. 2019 жылдың 1 қазанында облысымыздағы халық саны 801,5 мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 356,8 мың (44,5%), ауылдықтар – 444,7 мың адамды (55,5%) құрады. 2018 жылдың 1 қазанымен салыстырғанда халық саны 10,0 мың адамға немесе 1,3% өсті, деп хабарлады Қызылорда облыстық статистика департаменті.

АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйегінде туылғандар саны 14361 адамды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 0,7% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 24,03 туылғандарды құрады.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйегіндегі облыс халқының табиғи өсімі 2018 жылғы қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 42 адамға немесе 0,4% кеміп, 11013 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,43 адамды құрады.

Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 3348 адамды құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 4,2% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,60 қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыста 1 жасқа дейінгі 133 нәресте өлімі тіркелді. 2018 жылғы қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 7,2% көбейген. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,26% құрады.

Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтар-қыркүйегінде көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 35442 адам кетіп, облысқа 31575 адам келді. 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда облысқа келгендер саны 28,1%, ал облыстан кеткендер саны 29,7% көбейген.

Алыс және жақын шет елдерден 18 адам (2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде – 30 адам), республиканың басқа облыстарынан 7296 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 6676 адам келген болатын.

«Облыстан 11130 адам немесе жалпы көлемнің 31,4% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде тиісінше 9316 адам немесе 34,1% кеткен болатын).

 Алыс және жақын шет елдерге 51 адам, ал 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 50 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 3834 адамға, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 2640 адамға кему қалыптасқан.

Облыстың 24261 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде 17950 адам)», – делінген департамент таратқан хабарламада.

Тағы да оқыңыз: