Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы тағайындалды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы тағайындалды

13.12.2019, 12:20

1589 6

Kyzylorda-news.kz. Даулетова Ғалия Ноғайқызы Қызылорда облысының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Ғалия Ноғайқызы 1971 жылы туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік институтын және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы Қазақстан Кеңесі энциклопедиясы Бас редакциясының курьеры болып бастаған.

2018 жылдың тамыз айынан бастап осы кезге дейін Білім және ғылым министрлігі Техникалық және кәсіптік білім департаменті директорыныңы орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.

6

  • Сәлеметсіздерме, дәл қазіргі жағдайда сіздерге өзім қызмет жасайтын колледжде президенттің жарлығы бойынша 2020 ж қаңтар айынан бастап педагогтарға 25% үстеме ақының және. 2019 жылғы 30% үстеменің қосылмай отырғандығын жазып отырғаным үшән кешірім өтінемін. Колледж қызметкерлері облыстық прокаратураға осы мәселе жөнінде шағымданғанымызбен ол мәселе қанағаттандырылмады. Сондықтан сіздерден біз жұмыс жасайтын қызылорда инженерлік техникалық колледж жеке болғанымен мемлекеттік тапсырыспен студенттер қабылдап, мемлекеттік стандартқа сай жұмыс жасауда , неліктен біздің жалақымызға мемлекет тарапынан берілетін үстеме қосымша төленбейді? Осы мәселенің нақты себебін түсіндіріп берсеңіздер екен. Заңда жеке немесе мемлекеттік оқу орындары деп көрсетілмеген ғой. Қазіргі таңда алатын 70 мың теңгемен отбасын асырау мүмкін емес екені бесенеден белгілі.

  • Сәлеметсіздерме, дәл қазіргі жағдайда сіздерге өзім қызмет жасайтын колледжде президенттің жарлығы бойынша 2020 ж қаңтар айынан бастап педагогтарға 25% үстеме ақының және. 2019 жылғы 30% үстеменің қосылмай отырғандығын жазып отырғаным үшін кешірім өтінемін. Колледж қызметкерлері облыстық прокаратураға осы мәселе жөнінде шағымданғанымызбен ол мәселе қанағаттандырылмады. Сондықтан сіздерден біз жұмыс жасайтын қызылорда инженерлік техникалық колледж жеке болғанымен мемлекеттік тапсырыспен студенттер қабылдап, мемлекеттік стандартқа сай жұмыс жасауда , неліктен біздің жалақымызға мемлекет тарапынан берілетін үстеме қосымша төленбейді? Осы мәселенің нақты себебін түсіндіріп берсеңіздер екен. Заңда жеке немесе мемлекеттік оқу орындары деп көрсетілмеген ғой. Қазіргі таңда алатын 70 мың теңгемен отбасын асырау мүмкін емес екені бесенеден белгілі.

  • Құрметті Даулетова Ғалия Ноғайқызы!
    Менің Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Н. Талқанбаевқа жолданған 16.06.2020ж. 17.06.2020 жылы № ЖТ-А-98 нөмірлі хат бойынша сізге жолданған болатын. Хатта былай деп жазылған: » Департаменттің Ережесіне сәйес,Департамент белгіленген құзыреттілік шегінде мемелкеттік қызмет, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және мемлекеттік «бақыла» салаларында реттеушілік, іске асыру және «бақылау» функцияларын жүзеге асырады». Менің өтінішіме жауап келмеді. 1 айдан асты. Сізден жауап күтем Ғалия ханым.Менің өтінішіме толықтай жауап береді деген үміттемін.

  • Құрметті Даулетова Ғалия Ноғайқызы!
    17.06.2020 ж № ЖТ-А-98 нөмірлі хаттың жауабын мен әлі ала алмай отырмын. Қашан жауап болар екен. 1 айдан асты.

  • Шиелі ауданында мектептерде пандемия кезінде сыйымдылыққа қарамастан сынып тарды екіге бөліп тастап 30 оқушыға жетпесе де бөлуге бола ма? Бұрын бір сыныпта 30-32 балаға дейін отыра беретін. Бұл заңсыз сыныптарды бөлу емес пе? Әлде заңды ма? Бұл мемлекеттің қаржысын шашу емес пе? Қалай? Себебі сыныптарды бөлген сайын сағат көбейеді. Сағат ақша. Мұғалімдердің сағатын көбейтеміз деп директорларға зияны тимей ме? ЗАҢДЫЛЫҒЫН БІЛІП БЕРУІҢІЗДІ ӨТІНЕМІН.

  • Құрметті Даулетова Ғалия Ноғайқызы! Қызметіңе алла абырой берсін. Сізге айтайын дегенім дегенім шиелі ауданының білім саласы жайлы. Мен сыныптарды заңсыз бөлуді осыдан бес жыл бұрын тоқтатқан болатынмын. Прокуротураға жазып. Енді үйдегі балдарымнан естіп отырмын. Мектепте тағы да басталыпты.Заңсыз сыныптарды бөлу. Бұл ауданның бюджетіне әсер етеді. Онсызда ауданның бюджетінің 80 пайызы білім саласына бөлініп отыр. Сізде қалай сыныптарды заңсыз бөліп жатыр деп ойлауыңыз мүмкін. Қазір министрдің 1-4 сыныптарды 15 оқушыдан кезекші сыныптарға бөлу бұйрығы бар.дұрыс. Бірақ 5 -11 сыныптарды 25 оқушыны екі комплектіге бөлуге рұқсат жоқ емес пе? Бір сыныпқа сияды. 2005 жылы осылай сыныптар ашамыз деп 12 директор істі болып 7 директор жұмыстан шыққан. Ол кезде оқушы саны 40 қа толмаса екі сынып ашылмайтын.Ауадан оқушы тартып. Қазір 30 оқушы қашықтан мектепте оқып жатыр, мектепте де оқуға болады. Қазір 25 -26 оқушыны екі сыныптарға бөліп сағат санын көбейтеді. Тарификация.Оқу жоспар. мүлде дұрыс емес. бір мектептеп 500 оқушы. 786 сағат. бір мектепте 300 оқушы 786 сағат. қате қай жерден. Сағат көбейгесін директор, оқу орынбасары мұғалімдерге сағатты сатады. болмаса жаңада мұғалім алады? Әсіресе Шиеліде ақша бермесең мектепке кіре алмайсың. тегін кірген адамды көрген жоқпын. Кім көп ақша береді, сағаты көбейеді. Осыған рұқсат беріп отырған білім бөлімінде жауапты адам бар. Соның орында отырған адам, эконом отделді жай өзіңіз тексеруіңізді өтінемін. Егер де заңсыз 1 сынып ашылса 29 -30 сағат ол айына 300 – 400 мың теңге ақша, 40 мектеп бар, есепей беріңіз. 48 мектеп таза бөлмей отыр деп естідім. Заңды менен жақсы білесің. Назарға алуыңызды сұраймыз. Бір топ аудан ардагерлері. Білім бөлімі басшысы Ынтымақ не қөарап отыр. Списаниеге шыққан заттарды және тендерден ұтқан мектеп жабдықтарын Шымкент кәсіпкерлері ұтып жатыр екен. Бұл сәйкестік пе әлде басқа нәрсе ме? Бүкіл мектептің оқу жоспарын тарифін тексеруіңізді сұраймын. Жаңадан типтік бөлінген мектептері 30 оқушы бір сыныпта оқуға болады. Ауданның бюджетінің айына 20 -30 млн заңсыз пайдаланып отыр емес. Сынып комплекті ашылса, штат бірліктері ашылады.

Пікір қалдыру