Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жол апатынан үш адам көз жұмып, сегізі жарақат алды.
Жол-көлік оқиғасы 24 қыркүйек күні Қызылорда облысының Шиелі ауданында ауыл арасындағы жолда болды.
Оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша (Автомобильдi басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Тиісті сот сараптамалары тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.