Kyzylorda-news.kz. Биылғы жылдың 8-18 тамыз аралығында «Киік» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде.

Іс-шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзушылықтарды, биологиялық ресурстар обьектілері мен өнімдерінің заңсыз айналымының алдын-алу, анықтау болып табылады.

Жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 11 тамыз күні облыс орталығында 40 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы «Вольво» маркалы жүккөлігі тоқтатылып, тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан көлемі 3 кубты құрайтын заңсыз кесілген сексеуіл анықталды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Осыған сәйкес, Қызылорда облысының Полиция департаменті аң, балық аулау және ағаштар мен бұталарды кесу талаптарын бұзу, қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру әрекеттері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын ескертеді.

Тағы да оқыңыз: