Қызылорда облысында салықтан жалтарған кәсіпкер мемлекетке 136 млн теңге шығын келтірген – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облысында салықтан жалтарған кәсіпкер мемлекетке 136 млн теңге шығын келтірген

21.01.2021, 15:20

539 0

 Kyzylorda-news.kz. ҚР Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті ірі көлемде бюджетке төленетін салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бюджетке келтірілген залал көлемі 136 млн астам теңгені құрады. Кәсіпкердің заңсыз әрекеті 2014-2018 жылдар аралығында жүргізілген аудиторлық тексеру кезінде анықталған.

«ҚР ҚК 245-бабы 1-б. (декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді, міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияға бұрмаланған деректерді енгізу арқылы салынатын салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді ірі көлемде төлеуден жалтару) тергеу ісі жүргізілуде»,-делінген хабарламада.

0

Пікір қалдыру