Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында жер үйдің дәретханасына сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2020 жылдың 1 желтоқсаны күні Қызылорда қаласындағы жер үйлердің бірінің ауласындағы дәретханадан жаңа туған нәрестенің мәйіті табылды. Қазақстан Қылмыстық кодексінің 100-бабы (“жаңа туған баланы анасының өлтiруi”) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Полиция күдіктіні анықтады. Қазір 23 жастағы әйел ауруханада жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Тағы да оқыңыз: