Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Арал ауданының ауылдарын аралап, халықтың тыныс-тіршілігімен танысты. Тұрғындар жол, ұялы байланыс желісін орнату, ғимараттары ескірген балабақшалар мен ауылдық клуб үйлерін жаңарту сияқты шетін мәселелерді көтерді.

Өзекті мәселелердің бірі Аманөткел ауылындағы қалқымалы көпірдің жайы мен Қарашалаңдағы жол мәселесі. Облыс әкімі көпірді қайта жаңғырту үшін аудандық бюджеттен 13,4 млн теңгеге жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде екенін айтты. Бұдан бөлек, «Қарашалаң-Бөген» бағытындағы жолды жөндеуге 429,6 млн теңге қаржы бөлініп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Аймақ басшысы тұрғындар көтерген мәселелердің ешқайсысы да назардан тыс қалмайтынын айтты.

Тағы да оқыңыз: