Kyzylorda-news.kz. Қазіргі таңда аймақта эпидемиологиялық жағдай күрделенуде. Яғни, індеттің көп жағдайда белгісі жоқ. Өңірімізде маусым айының басынан бері тіркелген науқастың 73,5 пайызында ауру белгілері жоқ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов мәлімдеді.
«Қазіргі таңда ауру белгісін тек қана ПТР (полимеразды тізбекті реакция) тестпен дәлелденген жағдайында ғана індетті ауыздықтау мүмкіндігі жоғары. Оның үстіне адамдар тынысы тарылғанда ғана науқастығын мойындауда. Сондай-ақ, сәуір, мамыр айында бірнеше адам ғана реанимацияда болса, қазір күнделікті 5-6 адамға дейін ем алуда. Науқастардың көбісі індетті мойындағысы келмей, сақтық шараларына селқос қарағандарын мойындап отыр», – деді Наурызбай Байқадамов.
Әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, сақтану керек екенін айтты. Сондай-ақ, ыстығыңыз көтеріліп басқа да белгі біліне бастаса, емханаға хабарласу керек.
Құрметті облыс тұрғындары, дәлелденбеген ақпараттарға еріп, байбалам салушылықты қойып, тек ресми ақпараттарға сенейік.