Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында коронавирустық инфекцияны жұқтырған науқастар саны 119 адамға жетті, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

13 сәуір 09:00-дегі мәлімет бойынша елімізде коронавирустық инфекцияны жұқтырған тағы 10 адам тiркелген. Оның ішінде, Қызылорда облысында – 1 адам, Алматы қаласында – 7 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 2 адам.

“Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 253 адам, Алматы қаласында – 172 адам, Қарағанды облысында – 65 адам, Ақмола облысында – 71 адам, Атырау облысында – 59 адам, Жамбыл облысында – 46 адам, Шымкент қаласында – 38 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 6 адам, Алматы облысында – 21 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 25 адам, Павлодар облысында – 10 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 119 адам, Батыс Қазақстан облысында – 9 адам, Түркістан облысында – 43 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 961 науқас тіркелді“, делінген аталған ақпаратта.

Тағы да оқыңыз: