Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.01.2020, 16:40

639 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қагидромет.

17 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

17 қаңтарда Қостанай облысында бұрқасын күтіледі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ, тұман, таңертең және күндіз күшті қар жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 23-28 м/с.

Ал Қостанай қаласында 17 қаңтарда бұрқасын, көктайғақ, оңтүстік-батыстан жел тұрып, күші 15-20 м/с жетуі ықтимал.

17 қаңтарда Ақмола облысында қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде – көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с жетуі мүмкін.

Нұр-Сұлтан қаласында 17 қаңтарда ара-тұра қар жауады, бұрқасын болады. Күндіз көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-25 м/с жетеді.

0

Пікір қалдыру