Kyzylorda-news.kz. Қазақстанның алты өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

28 қаңтарда Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түсуі ықтимал.

28 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.

28 қаңтарда Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде, батысында және таулы, тау бөктерлі аудандарда тұман cақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және таулы, тау бөктерлі аудандарда күші 15-20, екпіні 23 м/с.

28 қаңтарда түстен кейін Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), орталығында көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстігінде және орталығында тұман сақталады. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с жетеді.

28 қаңтарда Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ. Облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

28 қаңтарда Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы -15-20 м/с.

28 қаңтарда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі, ал 29 қаңтарда көктайғақ болады.

Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және таулы аудандарында 15-20 м/с, 29 қаңтарда екпіні 23-28 м/с жетеді.

Тағы да оқыңыз: