Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысында 30 базар халыққа қызмет көрсетеді.

Қазіргі таңда халық қажеттілігі үшін Қызылорда облысы бойынша 30 базар қызмет көрсетеді. Оның 12-і облыс орталығында орналасқан. Бүгінде бес әмбебап, жеті мамандандырылған базар ел игілігі үшін жұмыс істеп жатыр.

Атап айтқанда, «Асбол» әмбебап базары – Қорқыт Ата №84 а, «Сыбаға» әмбебап базары – Әйтеке би № 3, «Сұлтан» әмбебап базары – Әйтеке би № 1, «Сәулет» әмбебап базары – Сәулет 38, № 4, «Қанат» әмбебап базары: Красноармейская №12, «Ақтөре» мамандандырылған базары – Қорқыт Ата көшесі, «Талғат» мамандандырылған базары – Қонаев көшесі №4, «Бабас» мамандандырылған базары- Қизатов көшесі, «Гульдана» мамандандырылған базары – Әбілқайырхан көшесі №100,
«Авторынок» мамандандырылған базары – Сабалақ №33, «Булан» мамандандырылған базары-Ысқақов көшесі т.б.

Айта кететін жайт, бүгінде үш базар қайта жаңғыртуды қажет етеді. Атап айтар болсақ, «Сыбаға», «Сұлтан» және «Асбол» сауда базарлары. Аталған базарларды қайта жаңғырту жұмыстары 2024 жылы басталып, сол жылы толығымен аяқталып, қайта іске қосу жоспарланып отыр. Бұл базарлар заманауи үлгіде қайта жабдықталатын болады.

Тағы да оқыңыз: