Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Бауыржан Байбек келді – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен Бауыржан Байбек келді

28.02.2020, 10:00

756 0

Kyzylorda-news.kz. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келді.

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары алдымен Жаңақорған ауданы Бірлік ауылының тұрғындарымен кездесіп, мұнан кейін Шиелі ауданындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Жаңақорған ауданы Бірлік ауылының тұрғындары кездесуде балабақша мен газ мәселесін көтерсе ал, Шиелі ауданындағы шаруалар мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді алуды оңтайландыруды сұрады.

Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында мемекеттік-жекешелік әріптестік аясында алдағы уақытта балабақша салынады және тұрғындар жақын арада көгілдір отынның шапағатын көретіндігін айтты. Ал, шиелілік шаруалар мәселесіне қатысты «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тиісті салалық министрлікке субсидиялық жеңілдіктер туралы жеткізетіндігін мәлімдеді.