Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті

21.10.2021, 10:20

309 0

Kyzylorda-news.kz. Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 21 қазандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

Оның нәтижесі бойынша, Алматы облысы «қызыл» аймаққа, Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа өтті. 

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Алматы, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстары.

«Сары» аймақта: Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары.

«Жасыл» аймақта: Шымкент қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Маңғыстау облыстары.

Айта кетері, кеше Алматы мен Қызылорда облыстары «сары» аймақта тұрған болатын.

0

Пікір қалдыру