Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов есепті кездесу кезінде алда тұрған келесі міндет – барлық өмір тіршілік инфрақұрылымдарын онлайн-сервиспен қамтамасыз ету екенін айтты.

«Экономиканың әр түрлі салаларына жоғары технологияларды жеделдетіп ендіру үшін цифрландыру бойынша 47 жоба жүзеге асырылып, тағы 11 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, біз елімізде бірінші болып «Бірыңғай кезекшілік диспетчер қызметі» жобасын іске қостық. Енді барлық жедел қызметтер 101, 102, 103, 112 нөмірлері, бірыңғай «112» нөмірімен жұмыс істейтін болады», – дейді аймақ басшысы.

Сонымен қатар қаланың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша тұрғындардың өтінімдерін өңдейтін «109-бірыңғай контакт-орталығы» іске қосылды. Бұл орталық абаттандыру, электр, су, жылумен қамтамасыз ету, ашық жатқан люктер мәселесі, қоғамдық көлік және тағы басқа көптеген мәселелерді қамтитын қызмет болады.

«Бұрын қала тұрғындары осы мәселелерді шешу үшін 80-нен аса телефон нөмірлерін білуі керек еді. Ал, енді өтінімдер автоматты түрде тиісті мекемелерге жолданады», – деді облыс әкімі.

Тағы да оқыңыз: