Kyzylorda-news.kz. Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп жатыр.

Оған Сыр еңбеккерлері жан-жақты дайындықпен келген. Бүгінде ауылдағы «алқаптан сөреге дейін» кооперациялық тізбегін іске асыру бастамасымен Сыр өңірінің дихандары және ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерімен жалпы 100 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеліп, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына нарық бағасынан 10-20% төмен бағада ұсынуда.

Белі бүгіліп жерден несібесін терген барлық шаруалар үшін бұл қуанышты мезет. Өйткені, көктемде басталатын жұмыс жазда қызып, күзде жемісін көреді. Қызылорданың брендіне баланатын ақ күріші, балығы мен ас тұзы, қауыны мен қарбызынан Арқа төріндегі тұрғындар дәм татуда.

Нұрсұлтан МЫҚТЫБАЙ

Суреттерді түсірген Ермұрат НАЗАРҰЛЫ

Тағы да оқыңыз: