Kyzylorda-news.kz. Н. Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақовтың облыстың 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы тұрғындар алдындағы есепті кездесуі басталды.

Аймақ басшысы тұрғындармен кездесуінде облыс әкімі ретіндегі алғаш рет есеп бергелі тұрғандығын ерекше атап өтті.

«Бүгін облыс әкімі ретінде Сіздердің алдарыңызда алғаш рет есеп бергелі отырмын. Өткен жыл еліміз үшін толағай табыстарға, тарихи оқиғаларға толы болғанын жақсы білесіздер. Тәуелсіз еліміздің негізін қалаушы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатты. Маусым айында өткен бәсекелі сайлауда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев жеңіске жетті.

Мамыр айында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жасаған алғашқы жұмыс сапарында Сыр өңірінде атқарылып жатқан істерге өз ризашылығын білдіріп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасына оң бағасын беріп кеткені белгілі.

Өздеріңіз білетіндей, жыл басында өткен жылдың қорытындысын шығарып, алда атқарылар жұмыстардың жоспарымен таныстырып, есеп беру әкімдердің міндетіне айналды. Тірліктің күші бірлікте екенін тағы бір дәлелдеп, 2019 жылды табысты аяқтадық», – деді облыс әкімі Қ. Ысқақов.

Облыс әкімі Қ. Ысқақовтың халық алдындағы есебін мына сілтеме арқылы тікелей эфирден көруге болады.

Тағы да оқыңыз: