Қызылорда облысы әкімінің есепті кездесуі басталды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қызылорда облысы әкімінің есепті кездесуі басталды

17.02.2021, 11:00

316 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованың халық алдындағы есепті кездесуі басталды.

Аймақ басшысы 2020 жыл еліміз үшін өте күрделі болғанын айтты.

«Әлемдік пандемия қалыпты тіршілігімізге айтарлықтай әсер етіп, экономикамыздың даму үдерісін тежеді. Қызметтің барлық саласына түбегейлі өзгерістер енгізілді. Әлемді шарпыған бұл індет біздің аймағымыз үшін де үлкен сынақ болды. Ұлтымыздың ұлы ақыны, дана Абайдың «Бейнет көрмей, дәулет жоқ»деген кемеңгерлік қағидасына сүйеніп, барша халықтың берекелі бірлігінің, тынымды тірлігінің арқасында бұл қиындықты да еңсере білдік. Сыр халқы қай кезде де қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да біз табандылығымызды танытып, бір-бірімізге қолдау білдірдік», – деді облыс әкімі.

Аймақ басшысы бүгін облыс әкімі ретінде қызылордалықтардың алдында алғаш рет есеп бергелі отырғанын да айтты.

«Пандемия жағдайына байланысты биыл есепті кездесулер онлайн форматта өтуде. Тек ауылдық округ әкімдері, барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, халық алдында дәстүрлі форматта есеп берді. Облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында 178 есепті кездесулерін өткізіп, онда 700-ге жуықсұрақтармен ұсыныс-пікірлер келіп түсті. Барлығына міндетті түрде жауап беріледі», – дейді Гүлшара Әбдіқалықова.

0

Пікір қалдыру