Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 10 дана оттегі аппараты сыйға тартылды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына 10 дана оттегі аппараты сыйға тартылды

05.08.2021, 17:00

565 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының материалдық базасы ағынды оттегі терапиясы аппаратының жаңа 10 данасымен толықты.

Бұл жолы жаңа аппараттарды «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясы табыстауда. Бұл медициналық құрылғыларды Гонконг елінен алдыруға мекеме өз қаржысы есебінен 24,5 млн. теңге қаржы жұмсады.

Жаңа аппараттар коронавирус инфекциясымен күрес мақсатында облыстық денсаулық сақтау басқармасының сұранысына сәйкес жеткізілген. Қазіргі таңда «Ұлттық орталық кардиохирургия орталығы» АҚ мамандары аталған аппараттарды тыныс алу жеткіліксіздігі бар науқастарға қолдануды ұсынып отыр.

Айта кетейік, осыған дейін «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Қазалы ауданаралық ауруханасына оттегі станциясын орнатуға 58 миллион теңге бөлген болатын.